14:40, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
ЛУКОЙЛ топ-менеджерінің жоғалып кеткен қызының өлі денесі табылды
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Наурыз айының соңында жоғалып кеткен ЛУКОЙЛ топ-менеджерінің қызы Виктория Теслюктің өлі денесі табылды.

Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады, деп жазды Утро.ру.
«Қыздың мәйіті қар еріп кеткеннен кейін Талдомға жақын жердегі жол жиегінде кездейсоқ табылды», - деп хабарлады милиция қызметкері. Қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпаратты бизнесменнің айналасындағы ақпарат көзі де нақтылады. «Оның өлі денесі табылды», - деді ол. Құқық қорғау органдары мен ЛУКОЙЛ компаниясының ресми мәлімдемесі әзірге жарияланған жоқ.