Лувр әлемнің халық ең көп келетін мұражайы мәртебесін сақтап қалды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Лувр әлемнің халық ең көп келетін мұражайы мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлады Agence France-Presse Париж мұражайы басшылығы таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап.
None
None

«Біз американдықтар тарапынан біздің мұражайымызға ықыласы артып отырғанын, сондай-ақ дамушы елдерден келетін туристер саны көбейіп отырғанын қуанышпен хабарлаймыз», - делінген мұражай басшылығы таратқан мәлімдемеде.

Лувр соңғы бірнеше жыл бойы халық ең көп келетін әлем мұражайларының тізімін бастап келеді, деп жазады ықпалды британдық The Art Newspaper (TAN) журналы. TAN рейтингісі бойынша екінші орында Британ мұражайы, мұнда жылына 5,8 миллион адам келеді, үшінші орында жылына 5,2 миллион адамды қамтып отырған Нью-Йорктың Метрополитен мұражайы тұр.

Соңғы жаңалықтар