Лувр қызметкерлері ереуілге шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіподақ ұйымдары Лувр қызметкерлерін 15 желтоқсаннан бастап ереуілге шығуға шақырды. Наразылық шарасы қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды DW.

Лувр қызметкерлері ереуілге шығады
Фото: DW

Кәсіподақ ұйымдары мұражайда айтарлықтай кадр тапшылығы сезілетінін, техникалық ақаулар және музейдің жағдайы нашарлағанын мәлімдеді. Олар қызметкерлердің жұмыс уақыты ұлғайып, қатаң басқаруға ұшырап және қисынсыз тапсырмалар беріліп, өз міндеттерін орындауды қиындатып жатқанын атап өтті.

Қызметкерлердің шыдамы Лувр кітапханасының египетология бөлімін су басқаннан кейін таусылған. Жағдай осы тұста ушыға түскен.

CFDT-CGT кәсіподақ өкілі Валери Бо жұмысшылар бірнеше жыл бойы басшылықтан гидравликалық жүйені жөндеуді сұрағанын, бірақ олардың өтініші ескерілмей қалғанын еске салды.

Қаңтар айының басында SUD-Culture кәсіподақ ұйымы жаңа мұражай жобаларын, соның ішінде қосымша кіреберіс пен жаңа залдар салуды тоқтатуға шақырған. Ұйым бұл бастамаларды «абсурд» деп атап, қаражатты Луврдың бар инфрақұрылымын қалпына келтіру мен жаңғыртуға бағыттауды ұсынды.

Кәсіподақтар музей басшылығы қызметкерлердің күнделікті ұшырасатын мәселелерін шешуге кіріскенше ереуіл жалғасаа беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Лувр кітапханасы лас суға толып, ондағы 400-ге жуық құжат бүлінді.

Соңғы жаңалықтар