Лувр мұражайы жабылды: қызметкерлер ереуілге шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіподақ ұйымдары Мәдениет министрі Рашиде Датиге жолдаған хатында ғимараттағы техникалық ақаулар мен қолайсыздықтарды атап өтіп, «Луврға бару азапқа айналды» деп жазды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Лувр мұражайы 19 қазан күні құнды тарихи жәдігерлері ұрланды деп хабар таратқан болатын. Бүгіннен бастап әлемге әйгілі музейдің есігіне қара құлып салынды. Себебі қызметкерлері ереуілге шықты.
Мұражай басшылығы келушілердің көп болуына байланысты ашылудың кейінге шегерілгенін хабарлады. Сондай-ақ музей жұмысы қайта басталғанда ақпарат таратылатынын айтты.

Нашар еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік мәселесіне байланысты ереуілге шыққан музей қызметкерлері Лувр алдына жиналып, «Лувр мұражайы ереуілге шықты» деген баннер ілінді.
Жалпы еңбек федерациясы (CGT), Францияның демократиялық еңбек федерациясы (CFDT) және SUD кәсіподақ ұйымы 8 желтоқсанда мұражай қызметкерлерінің ереуілге шығатынын хабарлады.
Кәсіподақ ұйымдары Мәдениет министрі Рашиде Датиге жолдаған хатында ғимараттағы техникалық ақаулар мен қолайсыздықтарды атап өтіп, «Луврға бару азапқа айналды» деп ереуіл жариялады.
Хатта мұражай қызметкерлердің жетіспеушілігіне, техникалық ақауларға және нысанның нашар жағдайына байланысты әдеттегідей жұмыс істей алмайтынын атап өтілді.
26 қарашада Луврда шүмек ашылып кетіп, көне Мысыр жәдігерлері сақталған бөлмелердің бірінің төбесінен су ағып, жүздеген құжатқа зақым келген. Қызметкерлер «бұған дейін музей ғимаратының нашар күтімі, ескірген техникалық жабдықтары мен қауіпсіздік кемшіліктері ескерілсе, мұндай оқыс оқиға алдын ала болжанған болар еді» деді. Олар басшылықты жеткілікті шара қолданбады деп айыптады.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіподақ ұйымдары Лувр қызметкерлерін 15 желтоқсаннан бастап ереуілге шығуға шақырғаны туралы жарияладық. Наразылық шарасы қанша уақытқа созылатыны белгісіз.