Луврдағы зергерлік бұйымдар уақытша Франция банкінің қоймасына көшірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Лувр мұражайында 19 қазан күні ұрланып, кейін табылған зергерлік бұйымдар уақытша Франция банкінің қоймасына орналастырылды, деп хабарлайды RTL.

Лувр
Фото: Pixabay

Шара мұражайдың қауіпсіздігін тексеру мақсатында іске асып отыр. 

Дереккөздің хабарлауынша, бағалы заттарды 24 қазан күні күшейтілген күзет тасымалдаған. Құнды бұйымдар Луврдан небәрі 300 метр жерде орналасқан банктің қоймасына қойылды. 

Ақпаратта нақты қандай жәдігерлер көшірілгені туралы айтылмады. Басылым Аполлон галереясындағы корольдік зергерлік бұйымдар мен бұрын мұражайдың әртүрлі залында орналасқан басқа да бағалы заттар деп атап өтті. Олардың барлығы Франция банкінің 26 метр тереңдікте орналасқан жер асты қоймасына орналастырылған. Сондай-ақ мұнда елдің алтын қорының шамамен 90%-ы сақтаулы.

Осыған дейін Париждегі Луврге ұры түсіп, онда Наполеонның әшекейлері қолды болғаны туралы жарияладық.  

Сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макрон мұражайдан ұрланған қазыналардың қайтарылатынына уәде берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар