03:16, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
«Ляньюньган-Алматы» халықаралық теміржол бағыты іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай арасында контейнерлік темір жол қатынасы орнатылды.

Бұл туралы khabar.kz жазады.
Сәуір айынан бастап аспан асты елінің теңіз айлағынан аптасына 3 мәрте контейнер тиелген құрамдар елімізге жол түзейтін болады. Бұл - екі елдің бірлесіп жүзеге асырған ауқымды логистикалық жобаларының бірі.
Бұл пойыз Қытайдың Қиыр Шығысындағы Ляньюньган теңіз айлағынан Алматыға не бары 6 күнде жетті. Жүк вагондары, контейнерлер тиеуге арнайы бейімделіп жасалған. Онымен Қытайға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен теңізбен келген жүктер енді Қазақстан арқылы Орталық Азия, Ресей және Еуропаға жеткізілетін болады.