Ляньюньгань портынан Қазақстанға жеткізілетін контейнерлердің саны жарты миллионға жеткізіледі - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ляньюньгань портынан Қазақстанға 300 мың контейнер жүк тасымалдануда. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Жапония бизнес форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

"Қазақстанда "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясат жүзеге асырылуда. Ол - Астананы оңтүстікпен, шығыспен, батыспен, солтүстікпен жалғайтын инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік-логистикалық xаб болады. Біз Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғай аламыз. Біз Қытайдың Ляньюньгань портында терминал салдық. Қазіргі уақытта Ляньюньгань портынан Қазақстанға 300 мың контейнер жүк тасымалдануда. Болашақта Қытайдан Еуропаға бағытталатын ол жүктердің көлемін 500 мың контейнерге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар