Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Любовь Юн
Фото: ҚР ҰОК

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуінде отандасымыз Норвегия өкілі Сара Наташа Фемер-Педерсенмен күш сынасты.

Любовь Юн қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті (17:1, 15:0) және Олимпиаданың ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық таеквондошының келесі қарсыласы Бразилия спортшысы Рафаэла Мейреллес да Коста болмақ.

«Номад» сапында Континенталды кубок ойындарына кімдер қатысатынын жазған болатынбыз.