20:31, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Люк Бессон «Такси 5» фильмін түсіруге кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Люк Бессон әлеуметтік желіде «Такси» фильмінің сценарийі түсірілген фотоны жариялап, «Такси 5» фильмінің жақындап қалғанын» хабарлады.

Сценарийдің мұқабасында киноның режиссері: Франк Гастамбидтің есімі жазулы тұр.
«Такси 5» фильмінің сценарийін ол Ахмед Хамиди және Малик Бенталхамен бірге жазған. Оның премьерасы 2018 жылдың 31 қаңтарына жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, «Такси» француздардың фильмі. Онда комедия, детектив және шытырман оқиғалы фильмнің белгілері бар. Францияда ең табысты фильмдердің бірі саналады, әлемдік прокатта 210 доллар жинаған.