Люксембург - Қазақстан футбол құрамасының Еуропадағы 43-қарсыласы

АСТАНА. KAZINFORM - Люксембург Қазақстан құрамасының Еуропа құрлығындағы 43-ші қарсыласы болады. Екі құрама 26 наурызда жолдастық кездесу өткізеді.

футбол
Фото: kff.kz

Люксембург - Қазақстан құрамасының Еуропа құрлығындағы 43-қарсыласы болмақ. Қазақстан бұған дейін Еуропадағы 42 құрамамен ойнаған.

Әзірге қазақстандық футболшылар ересектер арасында Болгария, Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Норвегия, Солтүстік Македония, Уэльс және Швейцария құрамаларымен ойнаған жоқ.

Екі құрама бұдан бұрын Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында қарсыластарына есе жіберді.

Алдымен Люксембург Грузияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Қазақстан Грекияға 0:5 есебімен жол берді.

Салдарынан екі құрама Еуропа чемпионаты финалдық сатысында берілетін жолдама үшін жарысты жалғастырудан шет қалды.

Еуропада Люксембург бұрынғы жылдарда аутсайдер құрама ретінде саналатын. Кейінгі жылдарда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Әлем және Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында жоғары деңгейде ойын көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар