Люксембургта экономиканың жекелеген салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту бойынша сындарлы пікір алмасу өтті

ЛЮКСЕМБУРГ-БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы Елшісі Ерік Өтембаевтың Люксембургтың қаржы министрі Люк Фриденмен және еңбек министрі Николя Шмитпен кездесуі барысында экономиканың жекелеген салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасылды.
None
None

Министрлер, өзара тиімді серіктестікті арттыруға Қазақстан мен Люксембургтың әлеуеті мол екенін атап көрсетті.

Е.Өтембаев өз кезегінде, Қазақстанның Люксембургты еуропалық кеңістіктегі және халықаралық сахнадағы маңызды және сенімді саяси серіктес ретінде қарастырып отырғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар