ІІМ: Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ: Алматыда есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды
Фото: ІІМ

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.

— Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.

Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Осыған дейін Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сатқан тұрғын ұсталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар