М.Әшімбаев: 2013 жылмен салыстырғанда терроризмге қатысты қылмыстар саны артқан
«Біз бүгін Марат Алмасұлының (М.А.Әзілханов - ҚР МСМ вице-министрі) аталмыш Комитет басшылығы мен сарапшылары, қызметкерлері тарапынан қандай жан-жақты мәселелердің қаралып және қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы мәлім еткен баяндамасын тыңдадық. Жалпы алғанда, мен Комитеттің өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып отырғанын атап өтуіміз керек деп ойлаймын», - деді М.Әшімбаев.
Ол Бас прокуратураның құқықтық статистика бойынша Комитетке қатысты келесі мәліметтерін келтірді. «2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, биылғы жылдың 10 айы ішінде Қылмыстық Кодекстің «Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру» 233-1-бабы бойынша 31 қылмыс тіркелген, өткен жылы оның саны 18 болған. Демек, біз белгілі бір шамада өсу динамикасын байқаймыз. «Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру» 233-3-бабы бойынша ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 11 қылмыс тіркелген, 2013 жылы мұндай 11 қылмыс болған», - деді М.Әшімбаев. Мәжілісмен бірнеше жүздеген қазақстандықтардың Таяу Шығыста радикал исламшыл топтар құрамында соғысып жатқанын айта келіп, қазіргі таңда діни ұйымдарды радикалдандырудың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Сондықтан да радикализмнің артуының алдын алуға әзір болуымыз қажет. Сондай-ақ М.Әшімбаев қазақстандықтарды радикалдандырумен күресте сыртқы ықпал ету арналарының жолын кесуге басымдық берілуі тиіс екенін, бұл - арнайы қызметтердің міндеті, әрі, Қазақстан халқының, оның ішінде бірінші кезекте жастардың арасында радикализмді қабылдамау мен толеранттылықты қалыптастыру негізінен Дін істері комитетінің жұмысы болып табылатынын тілге тиек етті. Осы тұрғыда, аталмыш Комитет парламентшілерге осы саладағы заңдарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіруі тиіс.