11:22, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры гастрольдік сапармен Оралға келеді
ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры гастрольдік сапармен Оралға келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, атақты өнер ұжымы мамырдың 14-і мен 24-і аралығында бес спектакль қоймақ. Атап айтқанда, «Айман-Шолпан» (М.Әуезов), «Ымырттағы махаббат» (Г.Гауптман), «Ескі үймен қоштасу» (Т.Нұрмағамбетов), «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (Ғ.Мүсірепов), «Сыған серенадасы» (И.Сапарбай) көрермендер назарына ұсынылмақ.
Оралдықтар алдында Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Ақ Жайықтан түлеп ұшқан Гүлнәр Жақыпова, Данагүл Темірсұлтанова сынды белгілі сахна шеберлері өнер көрсетеді.