ІІМ Данияр Мейірханға қатысты процессуалдық тексеріс жүргізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Есірткі қылмысы комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

здание МВД РК
Фото: ҚР ІІМ

Оның сөзінше, бірнеше қызметкердің арыз-талабына байланысты тексеріс тағайындалған. Әр шағым мұқият зерттеуді талап етеді.

— Данияр Мейірханға қатысты түскен шағым толық әрі объективті түрде тергеледі. Қазір ол қызметтік міндеттерінен шеттетілген. Қызметтік тексеріс, соның ішінде процессуалдық тексеріс жүріп жатыр, — деді С. Әділов Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ журналистер «Данияр Мейірханға қатысты бұған дейінгі жанжалдар қайтадан қарала ма?» — деп сұрады.

— Алдыңғы фактілерге қатысты тексеріс және сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Прокуратура оларға байланысты негізі бар, процессуалдық шешімдер қабылдады. Сондықтан бұл істер қайта қарастырылмайды, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Есірткі қылмысы комитетінің басшысы Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар