М. Демеуов: Жыл сайын ішкі істер органдарынан шамамен 6 мыңға жуық полицей жұмыстан шығады

Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Марат Демеуов мәлім етті.
«Орташа алғанда жылына ішкі істер органдарынан шамамен 6 мыңға жуық полицей жұмыстан шығады.
Жағдайды жөнге салу үшін соңғы жылдары мемлекет ІІБ материалдық-техникалық базасын қамту бойынша қолдау жасап жатыр. Осылайша, 2013 жылдың қаңтарынан полиция қызметкерлерінің арнайы шені үшін төленетін қосымша қаражаты әскери қызметшілердікімен теңестірілді. Сөйтіп, барлық қызметкерлердің жалақысы шеніне байланысты 29 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ұлғайды»,-дейді Марат Демеуов.
Оның атап өткеніндей, өткен жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы «Ішкі істер органдары туралы» Заңға қол қойды. Онда ІІМ органдарында қызмет ететіндер үшін маңызды әлеуметтік қамту қарастырылған. Мәселен, жедел тергеу, арнайы құрылым қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесінің кей қызметкерлері үшін арендалық тұрғын үй төлемін жасау мәселесі бар.
"Қазір зейнет реформасы бойынша жұмыс жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарын зейнетпен қамту жағдайы жақсарады деп болжанған",-деп атап өтті ҚР Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры.