М.Исахан - Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау - орынсыз (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау - орынсыз. Бұл туралы ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында атап өтті.
None
None

Белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмай жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау - орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді», - деп атап өтті Мұхан Исахан.

Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты ҮНДЕУ қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды.

  null null null  
null  

Соңғы жаңалықтар