М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстаннан алтын сыйлық алды

СКЕУ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов М.В. Ломоносовтың 300 жылдығына арналған салтанатты отырысқа қатысты.
None
None

Сенбі күні орыстың бірінші ғалымы, Мәскеу мемлекеттік университетінің негізін қалаушы Михаил Ломоносовтың 300 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар болды. Онда университет ректоры Виктор Садовничий, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Сергей Иванов, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Б.Жұмағұлов ММУ-дың ректоры мен бүкіл ұжымға білім беруде алға басып, гүлдену мен жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді. «Бұл мерейтой тек қана Ресейдің емес, әлемдегі барлық ғалымдардың мерекесі. Университет Қазақстанның ғылыми кадрлық әлеуетін дамытуда ерекше рөл атқарып келеді. Бүгінде университеттің көптеген түлектері Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ірі компанияларында қызмет істеуде», - деді министр.

Мерейтойға орай, Қазақстанның барлық ғалымдары, білім беру қызметкерлері мен студенттерінің атынан ҚР білім және ғылым министрі Мәскеу мемлекеттік университетінің мұражайына таза саф алтыннан жасалған қанатты тұлпар мінген «Алтын адамның» мүсінін сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар