М. Моратинос Қазақстан мен Испания әлемдегі қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыруға елеулі үлес қоса алады деп есептейді

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Испанияның Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстан мен Испания әлемдегі қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыруға елеулі үлес қоса алады деп есептейді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің Қазақстанға сапарым екі маңызды төрағалыққа дайындық барысымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Испания 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Еуропалық одаққа жетекшілік жасайды. Бір-бірімен дос екі мемлекет - Қазақстан мен Испания барша әлемдегі қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастырудағы барлық маңызды мәселелерді ілгері жылжыту үшін өздеріне міндеттеме алғалы отыр. Бұл бағытта Қазақстанның да, Испанияның да қосатын үлесі салмақты болады», - деді М. Моратинос бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен өткізген келіссөздерінен кейінгі брифингте.

Соңғы жаңалықтар