М.Өтемісов атындағы БҚМУ мамандықтары халықаралық аккредиттеуден өтті

ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті білім сапасының халықаралық талаптарға сәйкестігін растайтын білім беру бағдарламаларының халықаралық тәуелсіз аккредиттеуінен табысты өткендігі жөнінде германиялық AKQUIN агенттігінің куәлігін алды.
None
None
Университеттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұсынылған құжаттар негізінде «5В011200 Химия», «5В011000 Физика» және «5В010900 Математика» мамандықтары халықаралық аккредиттеуден өткен. Бұл - еліміздің батыс өңірінде осындай сыннан өткен бірінші ЖОО. М.Өтемісов атындағы БҚМУ германиялық AKQUIN агенттігімен үш мамандық бойынша келісімшарт жасасқан. Аккредиттеу үшін білім сапасы халықаралық талапқа сай болуы керек. Бұл ретте оқытушылық құрам сапасы, білім бағдарламаларының мазмұны, зертхананың барлығы, ғылыми-зерттеу жобалары, шетелдік ЖОО-лармен байланыс пен академиялық ұтқырлық, түлектерді орналастыру, студенттерді әдебиеттермен қамту, e-leаrning электронды оқыту жүйесі және басқалары ескеріледі. Университеттегі стратегиялық даму және сапа орталығының директоры Олег Юровтың айтуынша, еуропалық білім сапасы талаптарына ЖОО-ның барлық саласын қамтитын 100-ден астам критерий кіреді, БҚМУ соларға сай келеді.
Соңғы жаңалықтар