М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері маркетингтен өткен республикалық олимпиададан бас жүлдемен оралды

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті экономика және басқару институтының студенттері маркетингтен Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да өткізілген республикалық олимпиададан бас жүлдемен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі кезеңнен тұратын байқаудың он-лайн түрінде өткен бірінші турына республиканың әр жерінен елуден астам команда қатысса, қорытынды сынға үздіктер ғана шықты. Финалдық айналымда студенттер конкурстық жұмыстарын, өз идеяларын көрсетіп, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті қазақстандық тауар жасау бағытында инновациялық ұсыныстарын енгізді. Ирина Будрис бастаған Оралдың «Эгида» командасының маркетолог қыздары Диана Ахонова, Ғалия Салихова, Эльвира Мұхтарова, Әсел Өтеғалиева сыннан іркілмей өтіп, екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.
Соңғы жаңалықтар
telegram