М.Прохоров 14,1 миллиард капиталмен ең бай ресейлік болып танылды

МӘСКЕУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Ресейлік кәсіпкер Михаил Прохоров 14,1 миллирд капиталмен 2008 жылдың қорытындысы бойынша Ресей доллар миллиардерлері рейтингісінде бірінші орынға шықты.
None
None
Бұған дейін 2007 жылдың қорытындысы бойынша капиталы 40 миллиард долларға бағаланған Олег Дерипаска келесі орынға ысырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.«Финанс» журналының атап өткеніндей, халықаралық қаржы-экономикалық дағдарыс шикізат бағасын түсіріп жіберді, ресейлік кәсіпкерлердің шетелден жаңа несиелер алуы мүмкін болмай қалды, отандық кәсіпкерлердің қаржысын едәуір төмендетті, ал бірқатары борышқа шаш-етектен батты, сөйтіп бұл ресейлік миллиардерлер құрылымын едәуір өзгертті.Алайда Прохоров борышқа батпаған және өз бизнесін айтарлықтай табысты жүргізіп келе жатқан бизнесмендердің бірі.«Бүгінде Михаил Прохоров тасы өрге домалап тұрған отандық кәсіпкер. Әріптестері несиелерін қайта құрылымдап, басы қатып жүргенде, ол Көгілдір жағалаудан 496 миллион долларға ең қымбат вилла сатып алды, биатлонды дамытуға миллиондаған қаржы жұмсауда», - деп жазады «Финанс» журналы. «Ол экономикалық дағдарысқа дейін «Нориль никелінен» ойдағыдай құтылып кетті. «Онэксим» тобы иесінің ғұмырнамасын шығармақ болған баспагерлер оны шаужайдан тартып, соңынан қалмай жүр», - деп жазады басылым.2008 жылдың қорытындысы бойынша, Ресейдегі доллар миллиардерлерінің саны 101-ден 49-ға дейін қысқарды. Ресейдің ең дәулетті адамдарының жиынтық қаржысы өткен жылы 66 пайызға ? 75,9 миллиард долларға дейін азайды.
Соңғы жаңалықтар