М.Тәжин Бейжіңде ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысуда

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Отырыс аясында бүгін Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, ҚР Президентінің көмекшісі Марат Тәжиннің Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің өкілі, Қоғамдық қауіпсіздігінің министрімен кездесуі жоспарланған. Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік саласы мен ШЫҰ аясында қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейту жайы талданып, алда болатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммитіне дайындық жұмыстары талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар тараптар кездесуде киберқылмыс пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және есірткі ағынымен күресу жолы жайында пікіралмасу өткізу көзделген», - деп атап өтті ресми өкіл.
Оның айтуынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммиті биыл Бейжіңде маусым айында өтпек. Айта кетейік, ұйымның Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 7-кездесуі Қытайда алғаш рет өтіп жатыр.