М.Тәжин Білім және ғылым министрлігіне «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігіне «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеуді жеделдету тапсырылды. Бүгін Ақордада өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай деді.
«Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеулер бағдарламасы - маңыздылығы жағынан бағдар болатын басты құжат. Сондықтан да басшылыққа, бірінші кезекте Білім және ғылым министрлігіне оны әзірлеуді жеделдетуді өтінемін», - деді ол. Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы аталған бағдарлама ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында белгіленген барлық бағыттарды қосуы керектігін баса айтты.