ІІМ: Төлқұжат алғандардың ең үлкені 109 жаста, ең жасына 10 күн толды

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

паспорт
Фото: Kazinform

— 2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш. Оның негізі себептерінің бірі — балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бәрі 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды, — делінген хабарламада.

Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.

Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.

Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны өзгергенін жазған едік.