М. Земан Қазақстанды азаматтық авиация саласында ынтымақтасуға шақырды
«Менімен бірге Чехияның 85 кәсіпкері келді. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200 чех фирмалары сенімді жұмыс істеуде. Екі елдің арасында тауар айналымының артуы бізді қуантады. Сонымен қатар, ең бастысы мемлекеттер арасында инвестиция көлемі аса қажет»,-деді М. Земан.
Чехия басшысы өз сөзінде Қазақстанға чех көліктерін ұсынатындығын атап өтті. «Біз сонымен қатар, азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастыққа шақырамыз. Нақтырақ айтқанда, біздің жаңғыртылған шағын және орта көлемдегі ұшақтарымызды ұсынамыз. Бүгінде Қазақстанда әуежайлардың желісі салынып жатқандығын білеміз. Сондықтан, біздің ұшақтар пайдалы болар еді»,-деді ол.
Мұнымен қоса, М. Земан бизнес-форумда қол қойылатын 13 келісімнен бөлек, таяу арада Чехия Ұлттық банкі мен Қазақстанның тиісті банктік мекемесі арасында келісім бекітілетініне сенім артты.