Мадагаскар билігі мәйітті қазып алып, билеу рәсіміне тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадагаскар билігі елде оба дертінің өршуіне байланысты мәйітті айналып, би билеу ғұрпына тыйым салды деп жазады BFMTV ,
Мадагаскар билігі арал тұрғындарын оба індетіне байланысты Фамадихан рәсімінен бас тартуға шақырды.
Бұл жоралғы марқұмдарды қабірден қазып алып, жаңадан ақ матаға орап, қолдарынан ұстап би билейді, бірнеше сағаттан кейін қайтадан жерлейді.
Соңғы бірнеше жылда Мадагаскарда оба індеті жайлап кеткен. Арал билігі мәйіттерді эксгумациялау қауіпті індеттің одан сайын таралуына алып келеді деп қауіптенеді.
«Егер адам оба індетін қайтыс болып, кейін оны Фармадихан өткізу үшін қабірінен қазып алса, жұқпа онымен байланыста болғандарға өтеді», - деді елдің денсаулық сақтау министрлігі штабының басшысы Вилли Рандриамаротия.