Мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы іс-қимыл жасауды көздейтін келісім заңмен бекітілмек

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастағына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап шығып,
None
None
оң қорытындысын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл Келісімге Қазақстан Республикасы 2007 жылғы қазанның 5-інде Душанбе қаласында қол қойған. Келісімнің мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрес және оларды қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негіздерін құру болып табылады. Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының көрсетілген саладағы өзара іс-қимыл тәртібін реттейді және оның бірқатар негізгі бағыттарын айқындайды. Атап айтқанда, әмбебап және өңірлік халықаралық шарттардың ережелерін орындау үшін келісілген шараларды жүзеге асыру, қылмыстың жай-күйін, серпінін және оған қарсы күрестің нәтижелерін талдау, құқық қорғау және өзге де органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мақсаттары көзделіп отыр. Сондай-ақ келісім негізінде мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы іс-қимыл және оларды іздестіру мен қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде тиісті іс-шаралар өткізу қарастырылады. Тараптар осы Келісімге сәйкес мәдени құндылықтарды ұрлауға, оларды іздестіруге және қайтаруды қамтамасыз етуге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде, анықтауда, ашуда өздерінің құзыретті органдары арқылы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Соңғы жаңалықтар