Мәдениет - халық болып қалыптасып, ұлт ұйыған жерде ғана пайда болады - Совет- Хан Ғаббасов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдениет деген - халықтық менталитетінің көрсеткіші. Жағдайға байланысты ол ауылдық және қалалық боп екіге бөлінді. Ауылдық мәдениет деген бұл дәстүрлі мәдениет. Ол халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ата-бабамыз жасаған дәстүр-салтқа сүйенген мәдениет. Осыдан ауытқыған қаланың мәдениеті», дейді медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов. Оның айтуынша, мәдениеттің өсіп-өркендеуі ұлттық идеологияға байланысты. Оған табиғи қазба байлығы жоқ Жапония елінің тәжірибесі үлгі бола алады. Оларды әлемде экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік-мәдени жағынан дамыған ең озық мемлекетке айналдырған басқарушылық және ұйымдастырушылық жүйелері болды. Бұл жүйелер қоғамның барлық саласы үшін қажет. Енді ғылыми-зертеу институттары оны дамытудың тетіктерін құзырлы органдардың назарына ұсынуы керек. Онысыз ешбір іс ілгері баспайды.