19:10, 01 Қазан 2012 | GMT +5
Мәдениет қызметкерлері кәсіби мерекесін спорттық жарыстармен атап өтті - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 1 қазан. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Шығыс Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін футбол және волейболдан спорттық жарыс өткізумен атап өтті.

Жарыстарға аймақтағы мәдениет басқармасы, театр, кітапхана және концерттік ұйымдар ұжымдарының біріккен командалары қатысты. Футбол бойынша бірінші орынды облыс мұражайларының құрамасы жеңіп алды. Екінші орын аймақтағы Мәдениет басқармасының командасына бұйырды. Филармония командасы үшінші орыннан көрінді.
Волейбол бойынша жарыстардан театрлар командасы үздік танылса, екінші орынды кітапханашылар командасы жеңіп алды, ал мұражай қызметкерлерінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздар салтанатты жағдайда грамоталармен, Алғысхаттармен және облыстық мәдениет басқармасының кубогымен марапатталды.