Мәдениет қызметкерлеріне облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды
«Қарағанды облысында мәдени саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Тұрақты қаржыландыру материалдық-техникалық базаны нығайтуға, инновациялық технологияны пайдалануға, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Өңірдің мәдениет және өнер қызметкерлері де өздерінің жоғары кәсібилігін үнемі дәлелдеп келеді»», - деді облыс әкімі Серік Ахметов, марапаттау рәсімінде.
Арнайы байқау комиссиясы іріктеген үздіктер биылғы жылы облыс әкімінің дәстүрлі сыйлығының лауреаты атанды.
"Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл - ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығы. Сондықтан біз бұл мерейлі мерейтойды ең жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Біздің облысымызда бұл бағыттағы жұмыс әлдеқашан басталған болатын. Ұйымдастыру комитеті бекітіліп, арнайы жоспар әзірленді. Соған сәйкес қалалар мен елді мекендер абаттандырылып, жаңа нысандар іске қосылатын болады. Әрине, концерт, басқа да іс-шаралар өткізіліп, оларға өздеріңіз де тікелей атсалысатын боласыздар. Бұл сіздердің Тәуелсіздік күнін атап өтуге қосар қомақты үлестеріңіз болады", - деді аймақ басшысы сөз соңында.