Мәдениет министрлігі балаларды әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен қорғауға қатысты түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруін шектеуге қатысты ұсыныстарға пікір айтты. 

Мәдениет министрлігі балаларды әлеуметтік желідегі қауіпті контенттен қорғауға қатысты түсінік берді
Фото: freepik.com

— Бұл қолданыстағы аккаунтарға қолданылмайды, яғни шектеулер тек аккаунттар жаңадан құрыланған кезде мәліметтері нақтылау барысында қойылады, — деді Евгений Кочетов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол қазіргі уақытта нақты түпкілікті шешім қабылданбағанын атап өтті. Қазір бастаманы талқылаудың бастапқы кезеңі жүріп жатыр.

Вице-министр халықаралық тәжірибеге де назар аударды.

— Жақында ғана Испания Премьер-министрінің Дубайдағы World Government Summit-і кезінде өз елінің балаларға қатысты ақпараттық саясатын қалай қайта қарастыратынын айтты. Бұл елде шектеулер енгізіледі. Испания мен испан тілді елдер әлемдегі онлайн платформалардың үлкен бөлігін құрайды. Осындай шектеулер Францияның ең жоғары заң шығарушы органында талқыланып жатқанын байқадық. Атап айтқанда, балаларға қатысты шектеу үрдісі айқын көрініп жатыр, — деді вице-министр.

Осы орайда ол жыл соңына дейін тиісті заң жобасы Қазақстан Парламентінде талқылануы тиіс екенін айтты.

Айта кетейік, жақында Премьер-министр Олжас Бектенов балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар