Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды.

Франция намерена стать второй страной, запретившей соцсети для детей
Фото: Le Monde

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан: «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?», - деп сұраған еді.

Министрдің айтуынша, бүгінде қабылданған заңдардың аясында балалардың деректері бекітілетін платформаларға талап күшейтілген. Мұнан бөлек, балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін олардың әлеуметтік желіні қолдануын жасына байланысты шектеуге қатысты заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

- Зиянды контенттен қорғау мәселесінде балаларымыздың жас ерекшеліктеріне байланысты бірқатар тетік бекітіледі, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осы орайда Олжас Бектенов министрге аталған бағытта батыл шешімдер қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум