АҚШ-тың жаңа тарифі Қазақстан экспортының 95 пайызына әсер етпейді – министрлік
АСТАНА. KAZINFORM – Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Қазақстан тауарына жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады.

Министрлік 2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ Президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түскенін атап өтеді. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.
– Алайда, қазақстандық экспорттың басым бөлігі – мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар – жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде, - деп атап өтеді ведомстводан.
Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстан мақсаты – нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау.
– Америка тарабы Қазақстан ұсыныстарын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын, - деді министрліктен.
Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары (4,1 млрд АҚШ).
Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай – 1,1 млрд АҚШ доллары (үлесі 56,2%), уран – 322,9 млн.Э АҚШ доллары (16,4%), күміс – 239,9 млн АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар – 188,2 млн АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар – 17,6 млн АҚШ (0,89%) және т.б.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн АҚШ долларын құрады. Сол аралықта Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 418,2 млн АҚШ доллары болды.