Мәдениет нысандарының мүлкін жалға беру тәртібі өзгеруі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгеріс енгізу жөніндегі жоба «Ашық НҚА» порталына 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Кинотеатр “Спартак” в Майкудуке
Фото: Айзада Агильбаева / Kazinform

Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беру мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретінен алынып тасталады. 

— Жобада мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беруді алып тастау көзделеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беру тәртібін айқындайтын болады, — делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.

Сонымен қатар, құжатты қабылдау мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін беруге қатысты өкілеттігін алып тастауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін де мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған еді. Ол жобамен мемлекеттік мүлікті басқарудың базалық қағидаттары бекітіледі: активтердің толық және шынайы есебін қамтамасыз ету, белгіленген өлшемдерге сәйкес оларды иелену, жекешелендіру, қайта ұйымдастыру және тарату арқылы бәсекелестік секторларға мемлекеттің қатысуын қысқарту, корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу және есептіліктің ашық жүйесін қалыптастыру көзделген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум