Мәдениет пен өнер қызметкерлері күні - мемлекет пен қоғамның шығармашылық адамдарына айрықша құрметінің белгісі - көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлерінің құттықтауы

ҚазАқпарат осы құттықтаудың мәтінін таратады
Құрметті әріптестер, достар!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен - Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Елімізде тұңғыш рет аталып өтілетін осы кәсіби мерекенің мемлекет пен қоғамның шығармашылық адамдарына айрықша құрметінің белгісі ретінде күнтізбеден лайықты орын алатынына сенімдіміз.
Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстанның рухани-мәдени, жасампаздық әлеуетін одан әрі нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегі, өнер адамдары мен таланттарға деген ерекше ықыласы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
«Мәдени мұра» тарихи бағдарламасы, сан-салалы мәдениеттер тоғысқан қазақстандық бірлік, салынып жатқан бірегей концерттік залдар, театрлар, музейлер, өнердің әртүрлі саласында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар, алыс және жақын шетелдермен мәдени ынтымақтастықты кеңейту, жас дарындарға білім беруге және кәсіби тұрғыдан шыңдалуына қаржы бөлу - мұның бәрі Қазақстанды одан әрі әлеуметтік жаңғыртудың қуатты негізі болып табылады.
Елбасымыз өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Қазақстан экономикасы, әлеуметтік жүйесі мен саясатының үдемелі прогресінің маңызды факторы болатын ақпараттық-мәдени ортаны құру қажеттілігі» туралы айтқан болатын.
Мұндай ортаны құру - біздің қолымыздан келеді.
Қымбатты достар! Біздің тұрақты шығармашылық ізденісіміз алдағы уақытта да Қазақстанның ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау мен дамытуға бағытталатынына сенімдіміз!
Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
Ермек Серкебаев, КСРО-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,
Бибігүл Төлегенова, КСРО-ның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,
Еркеғали Рахмадиев, КСРО-ның халық әртісі, Еңбек Ері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Рубен Андриасян, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Асанәлі Әшімов, КСРО-ның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты,
Қанафия Телжанов, КСРО-ның халық суретшісі,
Шот-Аман Уәлиханов, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Ескендір Хасанғалиев, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Жәния Әубәкірова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Игорь Вовнянко, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.