Мәдениет саласына жұмсалған қаржы 26,2 пайызға артты - ОҚО

Аталған көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға артық. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәліметтерге қарағанда, облыс кітапханалары 189,3 мың дана жаңа кітаптармен толығып, кітап қоры 6 млн. астам данаға жетті. «Ұлысымның ұйытқысы - Оңтүстік» және «Жаңарған, жасарған Оңтүстік» атты жаңа кітаптар жарыққа шығарылды. Облыс мұражайларының қоры 5 мың 525 дана жаңа экспонаттармен толықтырылды. Облыстың жергілікті маңызы бар 434 тарихи және мәдениет ескерткіштерінің барлығына мемлекет қорғауында екендігі көрсетілген қорғау тақтасы дайындалып, орнату жұмыстары аяқталды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұдан бөлек, Шымкет қаласының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан облыстық драма театры, «Түркістан» концерт залы, көрме залы және облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ғимараттарының құрылысы былтыр қолға алынған.