Мәдениет серпінді халықаралық ынтымақтастықтың үлгісін көрсетуі тиіс - М.Құл-Мұхаммед

МИНСК. 8 қазан. ҚазАқпарат - Минскіге ресми сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Беларусь мәдениет министрі Борис Светловпен кездесті.
None
None

М.Құлмұхаммедтің айтуынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы туысқандық пен ынтымақтастықтың тамырлары өте терең. "Мәдениет ешқандай кедергілерді білмейтін сала, - деді мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы. - Мәдениет өте серпінді ынтымақтастықтың үлгісін көрсетуі тиіс, сол үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз".

Ол екі ел мемлекеттері басшылары деңгейіндегі белсенді ынтымақтастық кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге негіз қалыптастыруда екенін атап өтті.

Министр мәдениет саласында бірлескен ауқымды шаралар өткізу игі дәстүрге айналғанын атап көрсетті. Олардың арасында Қазақстанның Беларустағы және Беларусьтің Қазақстандағы мәдениет күндері бар. Беларусьта жыл сайын қазақ киносы күні өткізілсе, Еуразиялық кинофестиваль сахнасында Беларусь өкілдері өз өнерлерін көрсетуде. Театрлар деңгейіндегі ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. Беларусь әртістері жыл сайынғы халықаралық "Опералия" фестиваліне және әлемдік балет өнері шеберлерінің фестиваліне қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар