Мәдениет үйінің қазандығы жарылып, бір азамат қаза тапты

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Сырдария ауданында Мәдениет үйінің жеке тұрған қазандығы жарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Жарылыс нәтижесінде бір қабатты ғимараттың қабырғасы құлап, соның салдарынан отжағушы оқиға орнында қаза тапты. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 9 маманы мен бір техникасы, «ЮРАОСО» мекемесінің 6 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар