Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Мәдениет саласының үздігі» атты жаңа төсбелгілер табысталды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері табысталды.  
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атты жаңа төсбелгінің бекітілгенін хабардар етті.

 Осы орайда «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен алғашқылар болып КСРО халық әртісі Еркеғали Рахмадиев, Парламент депутаты Мұрат Ахмадиев, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омаров, Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Сәбитова, Астана қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қанат Төкесбай марапатталды.

 Алқа мәжілісін қорыта келе, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай салаға қатысты бірқатар міндеттер қойып, іс жүзіне асырылып жатқан бірнеше ірі жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар