10:49, 31 Мамыр 2022 | GMT +5
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаментінің директоры болып Гауһар Омарбек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бұған дейін Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің басшысы, Нархоз университеті пиар бөлімінің жетекшісі, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының баспасөз хатшысы болды.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінде маман, «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК Қоғаммен байланыс департаментінің аға менеджері - Медиа орталықтың жетекшісі, «Хабар» телеарнасында тілші, редактор, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде маман және «Алматы» телеарнасында тілші болып жұмыс істеді.