Мәдениеттанушы Әуезхан Қодар қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 шілдеде жазушы, екі тілде жазатын ақын, әдеби сыншы, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар қайтыс болды. Ертең оның туған күні болатын, азамат аман болса 58 жасқа толар еді. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Фейсбуктегі парақшасында жазды.
None
None

«Әуезхан Қодар ағамыз дүниеден өтті деген қаралы хабар алып жатырмыз. Кеше ғана жас қаламгерлер туралы сериалы мақалалар жазып, жас таланттарға серпін берген ағамыздан айырылып қалғанымыз өкінішті-ақ. Бағасын білдік пе, жоқ па, ол да сұрақ...

Қазақ ойының бір үлкен асқары еді, жарықтық», деп жазады Ақберен елгезек.

Әуезхан Әбдіраманұлы 1958 жылы 10 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.

1982 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакциялық алқаның бас редакторы (1989-1996); «Алтын ғасыр» Қазақстан халқы мәдениет экологиясы жөніндегі қауымдастық президенті (1996 жылдан бері); «Тамыр» альманағының (журнал) бас редакторы, Еуразиялық зерттеулер институтының Қазақстандағы филиалы бас директорының кеңесшісі, «Мәдени саясат және өнертану институты» ЖШС-ның директоры қызметтерін атқарған.

«Парасат» орденімен (2006) марапатталған.

Соңғы жаңалықтар