13:59, 29 Наурыз 2023 | GMT +5
Мәди Тәкиев Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәди Тәкиев ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаржы және бюджет комитетіне Мәди Төкешұлы Тәкиевтің кандидатурасы ұсынылады. Мәди Төкешұлы – көп жыл бойы салық және кеден саласында, мемлекеттік кіріс органдарында, Президент Әкімшілігінде, өңірлерде қызмет атқарған, Ұлттық экономика вице-министрі болған тәжірибелі маман. Ол еңбек өтілін қарапайым бухгалтер мамандығынан бастап, осы салада қызметтің әр сатысынан өткен», - деп таныстырды депутат Елнұр Бейсенбаев.
Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдау туралы шешім қабылдады.