Мадияр Жанұзақ Макаода тай боксшысын нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби боксшы Мадияр Жанұзақ тай боксшысы Суфакит Камфаны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мадияр Жанұзақ Макаода тай боксшысын нокаутпен жеңді

RCC Boxing Promotions және  Alban Boxing Promotions промоутерлік компанияларының хабарлауынша, қазақстандық алғашқы минуттарда-ақ басымдылық танытып, екінші раунда әлдеқайда тәжірибелі тайлық қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша Жанұзақтың еншісінде үш жекпе-жек, үш жеңіс бар.

Айта кетейік, «2017 IBF Silk Road Championship Tournament» турнирінің аясында өткен бұл жекпе-жектің бас сыйлығы - IBF тұжырымы бойынша өңірлік чемпион титулы. Бұл белдікті алу үшін Мадияр келесі айқаста жеңіске жетуге тиіс.  Мадиярдың қарсыласы бүгін анықталады. Ол - Джон Марк Алеман (Филипины, 4-0-0) - Су Юнь Хуань (Қытай, 6-1-2) жұбының жеңімпазы.