Мәдмин: Қазақфильм басшысын ауыстыру мәселесі күн тәртібінде жоқ

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта «Қазақфильм» басшысының қызметіне лайықсыздығы туралы жария түрде айтылып жүрген сындар туралы ведомствоның ұстанымын білдірді.

Казахфильм
Фото: Александр Павский/Кazinform

- Қазіргі таңда «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамы басшысының орынбасары А.О. Омаровқа басшының міндеттерін уақытша атқару жүктелген. Бүгінгі таңда министрлік деңгейінде киностудия басшысына қатысты мәселені қарау жоспарланбаған, - деп жазылған жауапта.

Бұған дейін министр Аида Балаева «Қазақфильм» мекемесінің басшысына ең бірінші кезекте қандай талаптар қойылатынын айтқан болатын

Сондай-ақ жуырда «Қазақфильмді» отбасылық демалыс орталығына айналдыруға көмектесетін инвестор іздеу жұмыстары жүріп жатқаны мәлім болды.

— Сол жерде жеке кинотеатр, жабық жазғы кинотеатр салсақ, «Қазақфильм» музейін құрсақ, арнайы тақырыптық дүкендер мен басқа да нысандарды ашсақ дейміз, — деді А. Балаева.

Сонымен бірге, министр «Қазақфильмнің» жері сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін, тек осы ұйымды дамыту үшін ғана пайдаланылатынын атап өткен еді

Соңғы жаңалықтар