«Мадонна» балаларға көмектесуде

None
None
None

ПАВЛОДАР.   Шілденің  13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -    Павлодарлық  «Мадонна»  -  Алматыда  өткен   әлеуметтік  жобалардың      республикалық жәрмеңкесінде «Жақыныңа жәрдемдес»   аталымы  бойынша грант жеңіп алған   жас аналардың    қоғамдық бірлестігі,  деп    хабарлайды   ҚазАқпарат  тілшісі.

Жеңіп алған     грантты   әйелдер     Балалар  үйінде,  «Самал»  қоғамдық   оңалту  орталығында  жүзеге асырып  отырған  өздерінің «Ойын ойнау    құқығы»      бағдарламасына    жұмсауда.  Онда   мамандар  мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен және  нәрестелермен      жеке айналысады,  ойындарда       емдік  дене шынықтыру элементтері    мол қолданылады. Ал    ересектеу  балалар  үшін     қуыршақ қойылымдары      көрсетіледі,        ой дамытушы  ойындар     ойнатылады.

Жас аналар  осыдан  бірнеше  жыл бұрын,    өз балаларын  тәрбиелеудегі   тәжірибелерімен бөлісу  үшін біріккен  болатын.  Одан кейін   қуыршақ театрын     құрып,        ана  мейірімі  мен ересектердің    қайырымдылығына мұқтаж   балалар тәрбиеленетін мекемелерде    өнер көрсетуді  қолға алды.

Соңғы жаңалықтар