16:00, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Мадридте кезекті халықаралық «FITUR» туристік көрмесі өтті
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Мадридте кезекті халықаралық «FITUR» туристік көрмесі өтті, оған 170-тен астам елдің мемлекеттік органдар мен туристік компаниялар өкілдері жиналды.
Оның салтанатты ашылу рәсімі шараларына Астурия ханзадасы Фелипе мен Летисия ханым қатысты. Бұл туралы ҚазАпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Біздің елімізден бұл шараға Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов бастаған делегация қатысып, оның ауқымында бірқатар кездесулер өткізді, атап айтқанда осындай жүздесудің бірі БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының бас хатшысы Франческо Франжиаллимен, оның орынбасары Талиб Рифаймен өтті.Келіссөздердің басты тақырыбы ? ағымдағы жылдың күзінде Астанада жоспарланған осы халықаралық ұйымның Бас Ассамблеясының отырысын өткізуге әзірліктікке қатысты болды. Сондай-ақ Бүкіләлемдік туристік ұйым ауқымында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.«FITUR» ауқымында Туризм және спорт министрлігі Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстанның туристік әлеуетінің таныстырылымын өткізді, ҚР Президенті оркестрінің әртістері мен музыканттары концерт қойды.