Мадридте ҚР Елшісі Испанияның сыртқы істер министрімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Мадридте Қазақстан Республикасының Елшісі Ерғали Бөлегенов Испанияның сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхел Моратиноспен кездесті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа, сондай-ақ ағымдағы жылдың алдағы көктеміндегі испандық сыртқы саясат ведомствосының басшысының Қазақстанға ресми сапарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Дипломаттар сапар бағдарламасы ауқымды болатынын атап өтті, оның барысында экономика мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссияның кезекті отырыстары өтеді, сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылмақ. Делегация құрамында Қазақстан нарығына қатысуын кеңейтуге мүдделі испандық ірі компаниялардың, сондай-ақ Испан кәсіпкерлік ұйымдары конфедерациясының басшылары енгізілуі жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар