Мадридте мыңдаған адам демонстрацияға шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Мадрид орталығында мыңдаған адам Испанияның іс басындағы үкіметінің отставкаға шығуын талап етіп, манифестация ұйымдастырды, деп хабарлайды Euronews.

Митингті ұйымдастырушы Халық партиясы шұғыл түрде кезектен тыс сайлау ұйымдастыруға шақырды.
Олар 100 мыңнан астам адам жинап үлгергенін айтты. Ал үкіметтің бағалау көздері бұдан екі есе кем.
Оппозиция өкілдерінің өз жақтастарын көшеге шығуға шақыруына билік басындағы Социалистік партияның бұрынғы өкілінің әңгімесінің жазбасы себеп болған. Онда партияның бұрынғы өкілі бизнесмендерге полицияның ақпаратын жеткізе отырып, тиімді мәміле жасауға болатыны туралы мәселені талқылаған.
Оппозиционерлер социалистердің есіне каталониялық сепаратистермен жасалған амнистия туралы келісімді де еске салды. Халық партиясы бұл мәселе бойынша бірнеше мәрте наразылық білдірген болатын.
Осыған дейін Испанияның 50 қаласында тұрғын үй дағдарысына қарсы демонстрациялар өткені туралы жазған едік.