20:15, 13 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Мадридте жарылыстан 14 адам зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — Мадридте бардағы жарылыстан кемінде 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиғаның себептері әзірге нақтыланған жоқ
Испания астанасындағы барлардың бірінде болған жарылыс салдарынан кемінде 14 адам зардап шекті. Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем қызметі әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлады.
Ведомство дерегінше, дәрігерлер 14 зардап шеккен адамға көмек көрсеткен.
Оқиға орнында өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның нақты себептері әзірге анықталған жоқ.
Айта кетелік Испанияда жасөспірімдерге темекі шегуге тыйым салынып, ата-аналарға айыппұл енгізілетіні туралы жазған едік.